FUJIFILM компаниясы 1910 жылы негізін қалаған және бүгінгі таңда озық әлемдік ультрадыбыстық диагностикалық жүйелер мен компьютерлік және магниттік-резонанстық томография жүйелерін өндірушілердің бірі болып табылады. FUJIFILM тарихы медицинада әлемдік маңызы бар өнертабыстарға бай, оның ішінде әлемдегі бірінші ультрадыбыстық медициналық диагностикалық жүйенің, түрлі-түсті Доплер режимі мен компрессионды эластографияның құрылуы.
Fujifilm Amulet маммографтары AWS мәліметтерді жинайтын жұмыс станциясы бар цифрлық жүйе. Сонымен қатар 700-сериялы видеоэндоскоптар бар - бұл ажыратымдылығы бір мегапиксельден көп CMOS технологиясын қолданатын жоғары санаттағы эндоскоптар және FUJIFILM-нің визуализацияны жетілдіру бойынша барлық технологияларын қолданады. Олардың жеңіл қосылуға арналған бір сатылы ағытпалары бар және жоғары жылдамдықта мәліметтерді жіберуді қамтамасыз ететін кіріктірілген сымсыз қуат көзімен жабдықталған.
Diagnostics Biochem Canada Inc. (DBC) компаниясы 45 жылдан аса диагностика және денсаулық сақтау саласында маңызды болып табылатын иммунологиялық талдаудың бірегей жинақтарын әзірлеу және сатумен айналысады. Әлемдік нарықтағы жоғары сапалы имуносынамалардың өндірушісі ретінде компания үнемі аурудың диагностикасын жетілдіруге әкелетін және нәтижесінде әлемдегі барлық адамдардың өмірінің сапасына ықпал ететін жаңа технологиялар мен қолданбалы бағдарламаларды іздестірумен айналысады.
DBC - Онтарио, Канада.