sales@meditec.kz meditec.kz +7 (771) 088-15-26 +7 (701) 961-71-01
meditec

Біздің серіктестер

img
LIBATAPE PHARMACEUTICAL CO., LTD. KUMAMOTO

LIBATAPE PHARMACEUTICAL, Жапониядағы алғашқы жәрдем пластырлерінің ең бірінші өндірушісі. Сапамен қамтамасыз ету бөлімі жеткізілетін өнімнің аса жоғары сапаға ие екендігіне кепілдік береді.

Meditec компаниясы 2023 жылдан бастап ҚР-ғы дистрибьюторы. 
Гемостатикалық пластырлердің ТК бар.

img
ООО Biobase

BIOBASE — бұл in vitro (IVD) диагностикасына арналған зертханалық, медициналық және ғылыми жабдықты, аспаптар мен реагенттерді әзірлеу мен өндіруді қамтитын компаниялар тобы.

Компанияның өнімдері биологиялық және химиялық зертханаларда, сондай-ақ тазалыққа ерекше талаптар қоятын өндірістік процестерде кеңінен қолданылады.

1999 жылдан бері BIOBASE 130-дан астам елде артқан сенімді ақтады, АҚШ, Дубай, Үндістан, Алжир және Сингапурда өкілдіктер ашты. Қазіргі уақытта компанияның штатында 5000-нан астам қызметкер және жалпы ауданы 932 900 м2 құрайтын 22 өндірістік алаң бар.

BIOBASE түржинағы қамтиды:

  • биологиялық қауіпсіздік шкафтары;
  • ламинарлық шкафтар;
  • сорғыш шкафтар;
  • ауа тазартқыштар мен ауа душтары;
  • тоңазытқыштар мен -86°С дейінгі мұздатқыштар;
  • автоклавтар мен стерилизаторлар;
  • жуғыш-зарарсыздандырғыш машиналар;
  • инкубаторлар;
  • кептіргіш және вакуумдық пештер;
  • центрифугалар;
  • зертханалық-талдамалық жабдық;
  • микроскоптар, рефрактометрлер және спектрометрлер;
  • молекулалық зертханаларға арналған жабдық;
  • биологиялық үлгілерді дайындауға арналған жабдық;
  • фармакологиялық және медициналық жабдық.

BIOBASE барлық өнімдері ЕО, ISO, CE, EN, NSF, FDA стандарттарына сәйкес сертификатталған және өндірушінің кепілдік қызмет көрсетуімен қамтамасыз етілген.

2020 жылдан бері «Meditec» оңтайлы баға мен сапа қатынасымен зертхана

img
ТОО Biosan

Биосан фирмасының негізін 1992 жылы Латвия Ғылым Академиясы Микробиология Институтының биология ғылымдарының докторы Василий Банковский және биохимик Светлана Банковская қалаған.  

2005 жылдан бастап Biosan біріккен латвиялық және ағылшын кәсіпорнына айналды және Life Science-та сынама дайындау және  сараптау саласында әлемдік көшбасшы болу мақсатын қойды.  

Компанияның негізгі философиясы геномика, протеомика және целломикада пайдаланылатын  сынама дайындау және диагностикаға арналған дербес мини зертханаларды жетілдіру.  Сапалы зертханалық жабдық (қосымша). Дистрибьюторлік келісім-шарт 2020 жылдан бастап бар. 

img
ООО Tianlong

Xi'an Tianlong Technology Co., Ltd – молекулярлық биология саласында зерттеу жүргізуге арналған жабдық пен реагенттер шығаратын алдыңғы қатарлы қытай өндірушілерінің бірі. Компания портфолиосында ПТР-диагностика және нуклеин қышқылдарын  бөліп көрсететін жинақтар, ПТР-амплификаторлар және т.б. ұсынылған.

Tianlong 80-нен астам елдегі госпитальдер, клиникалық зертханалар, ауруларды бақылау орталықтары, коммерциялық ұйымдармен және университеттермен бірігіп жұмыс жүргізеді.

2020 жылы компания Қытайдың ғылым мен технология саласындағы Ұлттық сыйлығын жеңіп алды, ал 2022 жылдан бастап  14-ші бес жылдық зерттеулері мен жобалары қытай Ұлттық бағдарламасында көшбасшы болып келеді. 

Tianlong сапа менеджменті жүйелері  ISO 13485 & 9001 халықаралық стандарттарына сәйкес. Өнімінің 50 NMPA сертификаттары (Қытайдағы FDA аналогы) және 120 астам халықаралық сертификаттары бар (CE, FDA және т.б.).