sales@meditec.kz meditec.kz +7 (771) 088-15-26 +7 (701) 961-71-01
meditec

Компания туралы

«Meditec» компаниясы сізге өзінің құрметін білдіре отырып, біздің қызметіміздің негізгі бағыты медициналық және оқу-медициналық жабдықтарын жеткізу мен сервистік қызмет көрсету, және медициналық қолданыстағы өнімдерді іске асыру екенін хабарлайды.

«Meditec» компаниясы өз қызметін 2006 жылдан бастап жасауда және бүгінгі күні анатомия, педиатрия, терапия, гинекология, хирургия, шұғыл жәрдем бөлімдері бойынша жоғары сапалы оқу-медициналық жабдықтар, қарапайым модельдерден күрделі интерактивті симуляторларға дейін өндіретін келесі әлемдік өндірушілердің ресми дистрибьюторы болып табылады:

Nasco (АҚШ), Gaumard Scientific (АҚШ), Limbs and Things (Ұлыбритания), 3BScientific (Германия), Adam Rouilly (Ұлыбритания), BT (Корея).

Біздің құрамымызда тәжірибелі кәсіпқой мамандар жұмыс істейді.

«Meditec» компаниясы мемлекеттік сатып алулардың тұрақты қатысушысы және біздің Республикамыздың емдеу және оқу орындарына медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша үлкен тәжірибеге ие.

Компания жетістіктерінің бірі -  инженерлер мен командамыздағы мамандардың біздің Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Кореядағы серіктес-өндірушілер базасында тұрақты білімдерін жетілдіруі мен біліктіліктерін арттыруы арқасында жеткізілетін жабдықтардың сапалы техникалық сүйемелденуі.


Біз сонымен қатар, Сіздің назарыңызға K-Lab лабораториялық ақпараттық жүйесін ұсынамыз (әрі қарай K-Lab ЛАЖ). K-Lab ЛАЖ клиникалық-диагностикалық лабораториядағы автоматтандыру міндеттерін шешуге бағытталған заманауи ақпараттық кешен.

Аталған өнім Қазақстанда жетілдірілген және тиісті органда тіркелген. K-Lab ЛАЖ - бүгінгі күні көптеген тұтынушылардың пікірі бойынша кең бейіндегі лабораторияларға арналған үздік шешім болып табылатын бірегей бағдарламалық өнім.

Біздің командамыздың табысы - әр клиент компанияға сапалы және жеке мән беруге байланысты!
img img