info@meditec.kz meditec.kz +7 (7172) 24-85-00 +7 (701) 961-72-49
meditec

Біздің серіктестер

img
«Limbs & Things»
  • Біз сонымен қатар, Сіздің назарыңызға K-Lab лабораториялық ақпараттық жүйесін ұсынамыз (әрі қарай K-Lab ЛАЖ). K-Lab ЛАЖ клиникалық-диагностикалық лабораториядағы автоматтандыру міндеттерін шешуге бағытталған заманауи ақпараттық кешен.
  • Аталған өнім Қазақстанда жетілдірілген және тиісті органда тіркелген. K-Lab ЛАЖ - бүгінгі күні көптеген тұтынушылардың пікірі бойынша кең бейіндегі лабораторияларға арналған үздік шешім болып табылатын бірегей бағдарламалық өнім.
  • Біздің командамыздың табысы - әр клиент компанияға сапалы және жеке мән беруге байланысты!
  • «Limbs & Things»
  • 1990 жылы Марго Купер, Ұлыбританияның медициналық суретшілері Ассоциациясымен қатар, медициналық және ғылыми иллюстраторлардың Еуропалық ассоциациясының белсенді мүшесі, медициналық иллюстратор «Limbs & Things» негізін қалаған.
  • Шығып жатқан технологияларды, сол кездегі денсаулық сақтау мәселелері мен әлеуметтік мәселелерді есепке ала отырып, медицинада клиникалық дағдыларды меңгерудің жаңа тәсілін жетілдіруге деген беталыс байқалады.
  • Медициналық білім беруде жинаған тәжірибесі мен алған білімін пайдалана отырып, ол медициналық қызметкерлердің пациенттер, манекендер және жануарлармен дайындық өтуде қажеттіліктерінің өсуін анықтады.
img
3B Medical, Inc
  • 3D Medical, Inc
  • 3D Medical, Inc. ұйқы кезіндегі тыныс алудың бұзылуын емдеуге және оттекті терапияға арналған медициналық құрылғылардың өндірушісі және дистрибьюторы. CPAP, Auto-CPAP және Bi-Level құрылғылар тізбегі - бұл сәйкестілік пен тиімділік туралы толық есеп беретін толық функционалды жүйе. iCodeConnect пациенттерді басқару порталы есептердің талаптарға сәйкес болуы үшін бұлттық шешім құруға мүмкіндік береді және бөтен бағдарламалық жасақтамалар мен төлемшілермен мәліметтерді интеграциялауды жеңілдету үшін жылжымалы ілмек көмегімен жаңадан жетілдірілді.
img
Adam,Rouilly
  • Адам, Руилли
  • 1918 жылы негізі қаланған, Г.Руилли денсаулық сақтау саласындағы білім беруді жоғары сапалы өнімдермен және клиенттерге ең үздік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету қажеттілігін мойындаған. Бүгінгі күні Adam, Rouilly әлем бойынша 100 жыл бойына медицина саласында білім берумен айналысып келеді және Г.Руиллидің клиенттерді сапа мен артықшылықпен қамтамасыз етудегі жоғары стандарттарын ұстануды жалғастырып келеді.
  • Adam, Rouilly Кент, Ситтингборндағы   өндірістік объектісі емханалар, университеттер, медициналық мектептер және әлемдегі басқа да денсаулық сақтау мамандарының клиникалық дағдылары үшін тренажерлер, анатомиялық модельдер және анатомиялық карталардың кең спектрін жеткізумен және өндірумен айналысады.
img
Beckman Coulter
  • Beckman Coulter
  • Beckman Coulter күрделі биомедициналық зерттеулерді жеңілдетуге, автоматтандыруға және жаңартуға мүмкіндік беретін құрылғыларды жетілдіреді, өндіреді және іске асырады. Beckman Coulter-дің 275 000 аса жүйелері жеті континенттегі диагностикалық орталықтармен қатар, зерттеу лабораторияларында да пайдаланылады. 75 жылдан аса компанияның жабдықтары дәрігерлер мен ғалымдардың өнімділігін арттыру арқылы пациенттің денсаулығы үшін өмірлік маңызы бар ақпаратты алуға жәрдемдесіп, ғылыми зерттеулерге шешімдер ұсынып адамдардың өміріне өз үлесін қосуда.
  • Beckman Coulter компаниясы нарықтың 2 сегменті үшін шешімдер жетілдіреді: клиникалық диагностика және ғылыми зерттеулер үшін.