Ерлан Мельсұлы Сүлейменов
Бас директор
Туған жері : Целиноград қ. (Астана қ.)
Білімі :
1997 жыл - Ақмола мемлекеттік медицина академиясы
Мамандығы «Емдеу ісі».
1999 жыл - Ақмола мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординатурасы.
Мамандығы «Жалпы тәжірибелік дәрігер».
2001 жыл - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті
Мамандығы «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент».
2019 жыл - AlmaU жоғары бизнес мектебі.
MBA магистрі дәрежесі.
Сертификаттары :
2006 жыл - Japan International Cooperation Agency (Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі) сертификаты (Жапония).
2014 жыл - «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша GIZ сертификаты (Германия).
2020 жыл - Business Professional Group (Іскерлік Кәсіби Топ) сертификаты (Тайланд)
Еңбек қызметі (негізгі кезеңдер) :
2007 жыл - қазіргі уақытқа дейін - «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық лабораториялар желісінің бас директоры
2014 жыл - «Olymp Medical Group» ЖШС құрылтайшысы : DiVera медицина орталықтарының желісі
2017 жыл - «Meditec» ЖШС құрылтайшысы
2017 жыл - «Almaz Medical Group» ЖШС тең құрылтайшысы
Негізгі марапаттар :
· Өнім мен қызметтер сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2019 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты
· «Алтын Сапа» сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық сыйлығы.
· «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі.
· «Атамекен» ҰКП «Ісіне адалдығы үшін» III дәрежелі төсбелгісі
· «Отандық нарықтағы ең үздік қазақстандық франшиза» сыйлығы
· «Атамекен» ҰКП «ІСКЕР» арнайы сыйлығы.