sales@meditec.kz meditec.kz +7 (771) 088-15-26 +7 (701) 961-71-01
meditec

Біздің серіктестер

img
Thermo Fisher Scientific

Thermo Fisher Scientific, «Термо Фишер Сайентифик» — ғылыми жабдықтар, реагенттер, шығыс материалдары мен бағдарламалық жасақтаманың американдық өндірушісі. Компанияның штаб-пәтері Уолтем қ., Массачусетс, АҚШ орналасқан.  

Компания Thermo Electron және Fisher Scientific компанияларының бірігуі нәтижесінде 2006 жылы құрылған; кейінгі жылдары реагенттер, шығыс материалдары, құрылғылар мен қызметтер өндіруші компаниялар сатып алынды, оның ішінде Life Technologies Corporation (2013), Alfa Aesar (2015), Affymetrix (2016), FEI Company (2017), BD (2018). 2022 жыл бойынша бөлімшелер [2]. 

Laboratory Products & Biopharma Services - зертханалық жабдық және фармацевтикалық компанияларға қызмет көрсетеді (дәрілерге клиникалық сынақтар өткізеді, дәрілік заттар өндірісін ұйымдастырады); 47% түсім;
Life Sciences Solutions — биологиялық және медициналық зерттеулерге арналған құралдар, реагенттер және шығыс материалдары; 29 % түсім;
Analytical Instruments — ғылыми зерттеулерге арналған жабдық пен шығыс материалдары, нақтырақ айтқанда  хроматография, масс-спектрометрия,  химиялық талдау және электронды микроскопия; 14 % түсім;
Specialty Diagnostics — диагностикалық жинақтамалар және жабдық;
 10 % түсім.


"Meditec" ЖШС AlfaAesar, Acros Organics B. V. B. A, химиялық реагенттер бағыттарына ресми түрде уәкілетті дистрибьютор болып табылады. Зерттеу бағыты мен хроматография қажеттіліктерінің үлкен спектрін қамтиды.

img
Sri Trang Gloves

Sri Trang Gloves (Thailand) — әлемдік тұтынылуы бойынша 7 % үлесі бар Таиландтағы ірі латекс және нитрил қолғаптарын өндіруші. 
Sri Trang Gloves (Thailand) Таиландтағы каучук өсетін ағаштар плантацияларына ие және қоюландырылған табиғи латекс өндіретін Sri Trang Agro-Industry тобының еншілес компаниясы. 

Meditec компаниясы 2023 жылдан бастап ҚР-ғы дистрибьюторы. 

img
Gong Dong

Чжэцзян провинциясының Гундун жауапкершілігі шектеулі медициналық ғылыми-технологиялық компаниясы 1985 жылы теңіз жағалауындағы дамыған қала Тайчжоуда құрылған (компания алғашқы уақытта Чжэцзян провинциясының Гундун медициналық пластикалық материалын өндіретін зауыт ретінде жұмысын бастаған).

Компания бір реттік медициналық заттың жетілдіруі мен өндірісі бойынша еңбектенеді. Үздіксіз талпыныстарының арқасында компания Қытайда медицина саласында танымал компанияға айналды және қытай емдеу аппаратурасы саласындағы одақтың басқарма мүшесі болып табылады.

img
Chromsystems Instruments & Chemicals GmbH

Chromsystems Instruments & Chemicals GmbH - сұйық хроматографияны қолданумен күнделікті клиникалық диагностикаға арналған дайын реагенттер мен шығын материалдарының әлемдік жетекші жеткізушісі. Бірінші санатты нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін сенімді тест-жүйелерді, калибраторларды және құралдарды өндіруші.

Компания хромато-масс-спектрометрия әдісімен жоғары дәлдікпен зерттеулерге және басқа да озық технологиялар бойынша маманданған, клиникалық сынақтар шеңберінде дәрілік препараттарға биоталдамалық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ ғылыми қызметпен және жаңа диагностикалау әдістерін әзірлеумен белсенді айналысады.