sales@meditec.kz meditec.kz +7 (771) 088-15-26 +7 (701) 961-71-01
meditec

Вакуумные пробирки для забора венозной крови (синий)

Сипаттамасы

Қақпақтың түстік таңбаламасы: көк. Толтырғыш: 3,2%  натрий цитраты 1:9.  Коагуляцияны зерттеу: протромбин, тромбопластин, фибриноген, ұю (қоюлану) факторлары. Коагуляциялық тестілерге қан алуға арналған түтікті бірден көктамырды тескеннен (венепункция) кейін пайдалануға болмайды. Себебі нәтижелерге пункция кезінде бөлінетін тін тромбопластині әсер етуі мүмкін. Қанды түтікке алу кезінде веноздық бұрау алынуы тиіс.  Қан мен антикоагулянттың жақсы араласуы үшін қанды алғаннан кейін  түтікті бірден абайлап 5-7 рет аударып төңкереді. Содан кейін бірден алынған қанның мөлшерін тексеру керек: жоғарғы шегі заттаңбадағы көгілдір сызық деңгейінде болуы тиіс. Қан үлгісі бар түтікті сақтаудың оңтайлы шарттары 20–24 °С температурасы болып табылады және қанның коагуляциялық қасиеттері мен ұю факторларын зерттеуді қан алынғаннан кейін 2 сағат ішінде өткізу керек. Ұйыған қаны бар түтікті 10 минут 240G үдетумен центрфугалаңыз.

Түтік материалы: Шыны. Қақпақ түрі: Hemogard. Жазбаға арналған таңбалау панелінің болуы.  Зарарсыздық және бір рет пайдалану таңбаларының болуы.  Алынатын қан деңгейін көрсететін белгінің болуы.


Техникалық сипаттамалар

2,7мл, 3,6мл, 4,5мл 13х75мм