Сіздердің назарларыңызға экологиялық технологиясы бойынша бірегей медициналық қалдықтарды пайдаға асыру құрылғысы «NEWSTER-10» ұсынамыз. «NEWSTER-10» ЕПМ-ге стационарлық түрде орнатылады және А, Б, В санаттарына жататын медициналық қалдықтарды қалыптасқан жерінде қайта өңдеуге, дезинфекциялауға және пайдаға асыруға арналған. Қайта өңдеуге жататын қалдықтар
1. Диализге арналған материал,
2. Әртүрлі контейнерлер мен ыдыстар,
3. Хирургиялық қалдықтар,
4. Инфекциялық аурулар ошақтарының қалдықтары,
5. Операциядан кейінгі тануға келмейтін анатомиялық бөліктер,
6. Шыны (бөтелкелер, құтылар),
7. Памперстер.
8. Целлюлоза және синтетикалық материал,
9. Ұсақ металл құралдар (шприцтердің инелері, ланцеттер, скальпельдер, ұстаралар).
NEWSTER-дің басқа пайдаға асыратын құрылғылардан артықшылықтары:
• Қалдықтар көлемінің 75%, массасының 30% қысқаруы,
• ЕПМ-ден Б, В санаттарына жататын қалдықтарды күнделікті шығаруды қажет етпейді,
• Қалыптасқан орнында толық қайта өңдеуді қамтамасыз етеді,
• Аурухана ішілік инфекциялардың пайда болуы мен таралуын, сонымен қатар ЕПМ-ден тыс инфекциялар мен вирустар тасымалын болғызбайды.
• Алдын ала дезинфекциялауды қажет етпейді,
• Дезинфектанттар мен көлікке кететін ақшалай қаражатты үнемдейді,
• Пайдалануда үнемді,
• Алынатын өнім - жеке бөлмеде сақтауға және қоймаға жинауға болатын құрғақ, зарарсыздандырылған масса,
• Жөндеуі, пайдалануы, қызмет көрсетілуі оңай,
• Пайдалануда жоғары қауіпсіздік деңгейіне ие,
• Қосымша құрылыс тұрғызуды қажет етпейді (іргетас және т.б.),
• Өндірістік үдерістің ауаны, суды және жерді ластайтын жанама шығарындылары жоқ.
• Өндірістік үдерістің барлық кезеңдерін басқару, бақылау және тіркеу Siemens компьютерлік жүйесімен жүргізіледі.
• Пациенттер мен ЕПМ қызметкерлерінің денсаулық қауіпсіздігі мен гигиенасы саласында жаңа қадам болып саналады. NEWSTER пайдаға асыру құрылғысы қатты медициналық қалдықтарды ылғалды ортаның атмосфералық қысым және жоғары температура шарттарында қайта өңдеуге арналған.