H-07 ГИДРОКЛАВЫ қондырғысы төмендегілерді ұсату мен зарарсыздандыруға арналған:
• ЕПМ-нің қауіпті инфекцияланған қалдықтарын (Б санаты)
• ЕПМ-нің аса қауіпті қалдықтарын (В санаты),
• Пластмасса мен резеңкеден жасалған заттарды
• Шыны
• Металл құралдарды
• Таңу материалдарын
• Целлюлоза, қағаз, картон, ағаш, мата және т.б. жасалған заттарды
• Сұйықтықтары бар контейнелерді
• Биологиялық қалдықтардың кейбір түрлерін
ГИДРОКЛАВ қондырғысы көлденең орнатылатын, қос қабырғасы бар цилиндр ыдыс (әрі қарай камера), ыдыстың шеткі жағында бір тиегіш люгы бар. Камераның ішінде өңдеу циклын өткізгенде баяу (18 айн/мин) айналатын араластырушы (ұсатушы) құрылғы орналасқан. Араластырушы құрылғы редуктор арқылы білікпен қозғалтқышқа қосылады. Қалдықтарды зарарсыздандыру үдерісі автоматтандырылған. Өңдеудің әр циклының параметрлері (уақыт-қысым-температура) тіркеледі және оларды басып шығаруға болады. Әрекет ету қағидасы Аталған технология бумен зарарсыздандыру қағидасын қолданады, сонымен қатар қалдықтарды ұсатады және құрғатады. Жиналу орындарында бір реттік қаптамаға жиналған қалдықтар тиегіш люк арқылы қондырғының камерасына тиеледі. Қондырғыны іске қосқанда қозғалтқыш қосылады және камерадағы қалдықтар баяу араласа және ұсатыла бастайды. Кіріктірілген бу генераторынан шыққан бу қабырға арасындағы кеңістікке беріледі. Будың жылу энергиясы қалдықтарға жылдам беріледі. Қалдықтардағы ылғал буланады және ыдыстағы қысым көтеріледі. Ұсатылған қалдықтар бумен зарарсыздандырудан келесі режимде өтеді:
• Камерадағы артық қысым – 1,05 кг/см2, температура - 121°С, ұсталым уақыты – 30 минут. Экспозициядан кейін камерадағы қысым төмендейді, зарарсыздандырылған бу конденсациялық жүйеден өтіп, канализацияға түсіріледі. Қалдықтар кептіруден өтеді және соңғы кезеңде аппараттан түсіріледі. Нәтижесінде:
• Қалдықтар автоклавтағы сияқты жоғары температурамен және будың қысымымен зарарсызданады, бірақ жылу сәл тез және біркелкі үйлестіріледі.
• Қалдықтардың органикалық құрамдас бөліктері гидролизден өтеді.
• Барлық үдеріс қымтаулы жабық ыдыс ішінде өтеді.
• Қалдықтар ұсатылып, құрғатылады.
• Қалдықтардың көлемі азаяды.
• Көлемнің азаюының арқасында тасымалдау мен көмуге кететін шығындар қысқарады.
• Орындардағы химиялық зарарсыздандыруды Гидроклавтағы өңдеумен алмастыру арқасында мекеменің қауіпті қалдықтарды залалсыздандыруына кететін шығындарының қысқаруы.
• Зарарсыздандырылған қалдықтар эпидемиологялық және экологиялық қауіп тудырмайды және көмуге дайын. 1 кезең Жүктеу
• Пакеттерге жиналған қалдықтар: таңу материалы, пластмасса, резеңке, ағаш, картон, мата және т.б. жасалған заттар
• Өткір қалдықтары бар контейнерлер
• Сұйықтықтар бар контейнерлер мен құтылар
• Металл заттар
• Гистологиялық материал, биоптаттар, биологиялық материал және мәдениеттер
2 кезең Жылыту және зарарсыздандыру
• Қалдықтарды араластырғыш құрылғының көмегімен ұсатады.
• Бу ыдыстың қос қабырғасын (қаптамасын) толтырады.
Будың жылу энергиясы қалдықтарға жылдам беріледі.
• Қалдықтардағы сұйықтықтар буға ауысады.
• Камера ішіндегі артық қысым 1,05 кг/см2 және температура 121° C жеткен кезде 30 минут ұсталым орын алады.
• 30 минуттан соң қалдықтар мен сұйықтықтар зарарсызданады.
3 кезең Салқындау
• Ауа жіберетін клапан ашылып, ыдыстағы қысым төмендейді және зарарсыздандырылған конденсацияланған бу канализацияға ағызылады.
• Бумен жылыту және араластыру қалдықтар құрғағанша жалғасады.
4 Кезең Түсіру
• Люк ашылады.
• Қалдықтар контейнерге түсіріледі.
• Құрғақ зарарсыздандырылған қалдықтарды шредердің көмегімен одан да көбірек ұсатуға болады немесе қоқыс жинағышқа салуға болады.