«ДНҚ-Тін-Ф» реагенттер жиынтығы формалинде бекітілген және тіннің парафинінде (FFPE-блоктары) тұратын адамның геномдық ДНҚ нуклеин қышқылдарын спин-бағанасындағы силикат мембранамен байланыстыруға негізделген әдіс арқылы айыру үшін және әрі қарай клиникалық лабораториялық диагностикада бөлінген геномдық ДНҚ нақты уақыт тәртіптемесіндегі аллель-арнайы ПТР әдісімен талдау үшін медициналық мекемелерде және клиникалық-диагностикалық лабораторияларда кәсіби қолдануға арналған.
«ДНҚ-Тін-Ф» реагенттер жиынтығы екі нұсқада шығарылады:
1) «ДНҚ-Тін-Ф-50» 50 бөлініске,
2) «ДНҚ-Тін-Ф-100» 100 бөлініске.
Аналитикалық сипаттамалары
30 мг формалинде бекітілген және парафинде тұратын тіннен бөлінген ДНҚ шоғырлануы, нг/мкл, кем болмауы тиіс |
5 |
ДНҚ бөлінісінің тазалығы, А260/280, кем болмауы тиіс |
1,6 |