- Өнімдер каталогы
- Анализатор для определения бактерии хеликобактер пилори (Helicobacter pylori), “ Helicobacter pylori Detector” с принадлежностями и расходными материалами модель “HUBT-20P”
Анализатор для определения бактерии хеликобактер пилори (Helicobacter pylori), “ Helicobacter pylori Detector” с принадлежностями и расходными материалами модель “HUBT-20P”
Сипаттамасы
HUBT – 20P – құрылғысы медициналық мекемелерде адам асқазанынан хеликобактер пилори инфекциясын анықтау үшін қолданылатын құрылғы. Детектор тыныс алу кезінде шығатын газды талдау көмегімен Хеликобактер инфекциясын диагностикалауға мүмкіндік беретін 14C-несепнәрімен тыныс алу тестін өткізу үшін пайдаланылады.
14C-несепнәрімен HUBT-20P тыныс алу тестінің басты ерекшеліктері:
- Ықшамды сыртқы құрылғы және жетілдірілген құрылымы бар тасымалдауға болатыны.
- Оның жоғары тиімділігі мен сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық құрамдас бөліктері.
- Ағылшын тілінде интуитивті түрде түсінікті және ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі.
- Пайдалануда оңайлығы және іске қосуда батырманы басуды қажет етпейтін сынамалардың автоматты түрде талдануы.
- Ақауларды толығымен автоматты диагностикалау, детектордың фонын автоматты түрде оқып білу және автоматты түрде мөлшерлеу.
- C-көлемін және оң немесе теріс нәтиженің автоматты анықтамасын шығарады.
- Мәліметтерді автоматты түрде шығару функциясы бар орнатылған термопринтер.
- Әртүрлі медициналық мекемелердің талаптарына сәйкес болуы үшін икемделген үлгі бойынша кестелерді шығаратын, ақпаратты жергілікті желі бойынша жіберу мүмкіндігі бар сыртқы ДК бейімделген.
14C-несепнәрімен тыныс алу тестінің артықшылықтары:
14C-несепнәрімен тыныс алу тестінің келесідей артықшылықтары бар:
- Дәлділік: Сезімталдық - 95% құрайды, спецификалылық – 95% - 100%.
- Жайлылық: Эндоскопты енгізуді талап етпейді және пациенттер жақсы қабылдайтын инвазивті емес процедура.
- Ыңғайлылық: Сынама алу орнында талдауды жүргізу пациенттер үшін жайсыздықты минимумға түсіреді.
- Қауіпсіздік: Әдіс радиацияның елемейтіндей аз мөлшерінің әсерін шамалайды және осыған байланысты АҚШ пен Қытайда радиоактивті материалдарды пайдалану бойынша нормативті шектеулерден босатылған.
- Қарапайымдылық: Ерекше қабілетті қажет етпейтін қарапайым операция.
- Жылдамдық: Тестіні толығымен өткізуге 30 минут қажет, ал нәтижелеріне сынаманы алу орнында қол жеткізуге болады.
14C-несепнәрімен тыныс алу тестіне арналған жинақтама:
14C-несепнәрімен тыныс алу тестіне арналған жинақтама Хеликобактер пилори (H. pylori) инфекциясын диагностикалауда қосымша әдіс ретінде асқазандағы уреазаны анықтау үшін қолданылады. Тыныс алу тесті жинақтамасына төмендегілер кіреді:
- 14C-несепнәрі бар капсулалар: бір капсулада 27,8 кБк (0, 75 мкКи); бір қаптамада 40 капсуладан.
- Сынамаларды жинауға арналған картридждер: бір қаптамада 40 дана.
- Қосымша парақ.