Алматы қаласында 2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында 29-шы KIHE-2024 Қазақстандық халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Италия, БАӘ, Польша, Франция, Сингапур және т.б. елдерден 300-ге жуық ірі компания қатысты.
"Meditec" ЖШС –Thermo Fisher Scientific американдық компаниясының уәкілетті дистрибьюторы. Termo Fisher Scientific – өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларындағы диагностика мен ғылыми зерттеулерге арналған зертханалық жабдықтардың, реагенттердің және шығын материалдарының әлемдік жетекші өндірушісі.
"Meditec" ЖШС стендінде ғылыми және клиникалық зертханалық зерттеулер жүргізуге кең мүмкіндіктер ашатын жабдықтар мен химиялық реактивтер ұсынылды.
Көрме бағдарламасы өте қарқынды болды. Күн сайын компания директорлары мен денсаулық сақтау министрлігінің басшылары спикерлер болып сөз сөйледі.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - медицина саласында білім мен тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу. Көрмеге денсаулық сақтау министрлігі мен басқармаларының, ғылым және бизнес өкілдері, әртүрлі мамандық дәрігерлері, зерттеушілер мен фармацевтер қатысты.
KIHE-2024 халықаралық маңызға ие, өйткені ол әртүрлі ғылыми мамандарды біріктіреді, олардың өнімдері мен қызметтерін интеграциялауға керемет мүмкіндік береді.