info@meditec.kz meditec.kz +7 (7172) 24-85-00 +7 (701) 961-72-49
meditec

Біздің серіктестер

img
ООО Tianlong

Xi'an Tianlong Technology Co., Ltd – молекулярлық биология саласында зерттеу жүргізуге арналған жабдық пен реагенттер шығаратын алдыңғы қатарлы қытай өндірушілерінің бірі. Компания портфолиосында ПТР-диагностика және нуклеин қышқылдарын  бөліп көрсететін жинақтар, ПТР-амплификаторлар және т.б. ұсынылған.

Tianlong 80-нен астам елдегі госпитальдер, клиникалық зертханалар, ауруларды бақылау орталықтары, коммерциялық ұйымдармен және университеттермен бірігіп жұмыс жүргізеді.

2020 жылы компания Қытайдың ғылым мен технология саласындағы Ұлттық сыйлығын жеңіп алды, ал 2022 жылдан бастап  14-ші бес жылдық зерттеулері мен жобалары қытай Ұлттық бағдарламасында көшбасшы болып келеді. 

Tianlong сапа менеджменті жүйелері  ISO 13485 & 9001 халықаралық стандарттарына сәйкес. Өнімінің 50 NMPA сертификаттары (Қытайдағы FDA аналогы) және 120 астам халықаралық сертификаттары бар (CE, FDA және т.б.).

img
ООО BMT

BMT MMM Group - Германияда (Штадлен қаласы) және Чехияда (Брно) орналасқан неміс компаниясы.  Ол 1954 жылы құрылған. Қазіргі кезде  дезинфекция және зарарсыздандыруға арналған жабдықтың көптеген түрлерін ұсынатын зарарсыздандыру жүйелерінің ірі өндірушілерінің бірі.
Компанияның негізгі клиенттері - ауруханалар,  фармацевтикалық өндірістер, зертханалар, зерттеу орталықтары және денсаулық сақтау саласында маманданатын басқа мекемелер. BMT MMM Group Германия мен Чехиядан тыс жерлерге танымал. Сонымен қатар Ресейде де өнімдері сұранысқа ие.
BMT MMM Group жабдықтары сапаның еуропалық және халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.  Өндіріс көлемінің көптігіне қарамастан, компания әр өнімнің сапасы мен жұмыс істеуінің дұрыстығына назар аударады.  Қазіргі таңда BMT MMM Group зауыттарында өнімді дайындап жетілдіру және ретке келтірумен айналысатын 1100  маман жұмыс істейді. Өндіруші өнімдерді пайдалану ыңғайлылығына мән береді. Германияда жасалған стерилизатор-автоклавтар барлық типтегі ауруханаларға пайдасын тигізеді. Компания тұтынушылардың мүмкіндіктеріне де назар аударады: жабдықты қолжетімді бағаға алуға болады.  

Серіктестік 2020 жылдан басталған. 

img
XiuWei

Guangzhou Xiuwei Commerce Co., Ltd 2003 жылы штаб-пәтері Гуанчжоуда негізі қаланған.

Xiuwei - дербес зерттеулер және әзірленімдер, өндіріс, сату, агенттік және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді біріктіретін компаниялар тобы. 

Соңғы 20 жыл ішінде компания патологиялық шығыс материалдарының бір тізбегі өндірісінен жалпы патологиялық шешімдерді қолдайтын жоғары сапалы және патологиялық себептің дамуы үшін жеке қызмет көрсете отырып үлгілерді өңдеу, қалыптасқан патология, экспресс-диагностика, иммуногистохимия, сұйық жасушалар, ультражіңішке патология, бағдарламалық-аппараттық біріктірілген диагностика және т.б. қамтитын өнімдердің толық тізбегінің жолын өтті.

img
Slee

SLEE medical компаниясының (Германия) негізі 1954 жылы Лондонда қаланған  және сол жылы өзінің алғашқы мұздатқыш микротом моделін шығарды. 
Қазір SLEE medical микроскопияның преаналитикалық кезеңіне және патологиялық және гистологиялық зертханалардың жабдықталуына арналған жабдық шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. 

50 жылдан аса SLEE medical компаниясы гистологиялық зертхананың күнделікті жұмысына қажет криостаттар, микротомдар, өнімдерді толтыру мен бояуға, кесінділерді түзетуге және т.б. арналған жабдықтарды әзірлейді, жетілдіреді және дайындайды.  Компанияның алғыр көзқарасы мен мамандарының жоғары біліктілігінің үйлесімі жеке тапсырыстармен жұмыс істеуге және пайдаланушылардың кез келген техникалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.  Slee Medical компаниясы - бұл Германиядағы алдыңғы қатарлы гистологиялық жабдықты және соның ішінде ваккумдық және әткеншек типіндегі гистологиялық процессор өндірушілердің бірі.