info@meditec.kz meditec.kz +7 (7172) 24-85-00 +7 (701) 961-72-49
meditec

Біздің серіктестер

img
Shenzhen Zhonghe Headway Bio-Sci & Tech Co., Ltd

Headway компаниясы өзінің жетілдіретін және өндіретін тыныс алу тестілік жинақтамалары мен талдауға арналған жабдықтарына зияткерлік меншік ерекше құқығына ие Қытайдағы жалғыз жоғары технологиялық өндіруші. 

Компанияның бас кеңсесі Шэньчжэнь Ұлттық жоғары технологиялық индустриялық паркінде орналасқан. Сонымен қатар парктің аумағында тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптарына сәйкес келетін 2000 шм көлеміндегі өндірістік ғимараттар орналасқан. Қытайдың 33 провинциясы мен муниципалитеттерінде орналасқан көптеген филиалдарының арқасында 2000 аса медициналық мекемелер компанияның кәсіби және сапалы қызметтеріне қол жеткізіп отыр.   

Helicobacter pylori HUBT-20P тестері медициналық мекемелерге Helicobacter pylori (H.pylori) бактериясын анықтау үшін жеткізіледі.  
Зерттеу алынатын адам 14C-несепнәрі бар капсуланы ішке қабылдайды.  Пациенттің асқазанында  H. pylori бактериясы болған жағдайда 14C-несепнәрі несепнәр ферментінің көмегімен 14CO2 айналады. H. pylori инфекциясының бар болу фактісі пациенттің шығарған ауасының сынамасын алумен және 14C сынамада шоғырлануын анықтаумен айқындалады. 

img
West Medica

West Medica -  денсаулық сақтау саласындағы цифрлық микроскопияны автоматтандыруға арналған алдыңғы қатарлы платформаларды жетілдіру, өндіру және сатумен айналысатын халықаралық дамып келе жатқан компания.  

Vision бағдарламалық-аппараттық платформаларының тобы қан талдауы, жілік майының талдауы, жатыр мойны қатерлі ісігінің цитологиялық скринингі, ЖЖБА диагностикасы және кез келген ауқымдағы зертханаларда микроскопиялық зерттеулер ұйымдастыруды автоматтандыруға арналған шешімдерден тұрады.

Бұл талдауларды өткізу медициналық мамандарға аурулардың диагнозын тез және дұрыс қоюға мүмкіндік береді, мысалы инфекциялар мен маңызды қатерлі ісік ауруларын. Микроскопиядағы автоматтандырылған талдау жүйелері.  

img
ТОО Biosan

Биосан фирмасының негізін 1992 жылы Латвия Ғылым Академиясы Микробиология Институтының биология ғылымдарының докторы Василий Банковский және биохимик Светлана Банковская қалаған.  

2005 жылдан бастап Biosan біріккен латвиялық және ағылшын кәсіпорнына айналды және Life Science-та сынама дайындау және  сараптау саласында әлемдік көшбасшы болу мақсатын қойды.  

Компанияның негізгі философиясы геномика, протеомика және целломикада пайдаланылатын  сынама дайындау және диагностикаға арналған дербес мини зертханаларды жетілдіру.  Сапалы зертханалық жабдық (қосымша). Дистрибьюторлік келісім-шарт 2020 жылдан бастап бар. 

img
MOTICEUROPE

Motic® компаниясы микроскоптар әзірлеу және өндіру саласының кәсіпқойы болып табылады және екі он жылдық бойынша OEM деңгейіндегі техника өндірушісі беделіне ие. 
Motic компаниясының негізін 1988 жылы «Speed Fair Co. Ltd» фирмасы қалаған және Гонконгта штаб-пәтері бар.

1990 жж. басында Motic әлемдік деңгейдегі озық микроскоптар әзірлеу және өндіру жұмысына кіріседі. 
Серіктестік 2023 жылдың наурыз айынан басталды.