info@meditec.kz meditec.kz +7 (7172) 24-85-00 +7 (701) 961-72-49
meditec

Біздің серіктестер

img
MR Investments (MINDRAY)

Mindray компаниясы 1991 жылы Қытайда (Шеньчжэнь қ.) бәсекеге қабілетті, бағасы бойынша қолайлы, жоғары сапалы медициналық жабдық өндіру мақсатында негізін қалаған. Компанияны құрушылар өздерінің алдына салмақты және маңызды міндет етіп медициналық қызмет көрсетуді бүкіл әлемде неғұрлым қолжетімді етуді қойды. 
Қазіргі таңда компания өзінің өнімін әлемнің 190 аса еліне сататын, өзінің жеке тұрақты дистрибьюторлік және сервистік желісін қалыптастырған алдыңғы қатардағы әзірлеуші мен өндіруші.
Тек қана бір Қытайдың өзінде компанияның 31 филиалы жұмыс істейді.  
Сонымен қатар, Канада, Мексика, АҚШ, Бразилия, Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Ұлыбритания, Түркия, Египет, Индия және Ресейде еншілес кәсіпорындар табыспен жұмыстарын атқаруда. 
Mindray-дің Datascope корпорациясынан пациенттің мониторлары өндірісін сатып алуы, Майндрейдің Батыс Еуропа және АҚШ территориясына тікелей сату мен сервистік қамтамасыз етуі саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтті. 

img
3B Medical, Inc
  • 3D Medical, Inc
  • 3D Medical, Inc. ұйқы кезіндегі тыныс алудың бұзылуын емдеуге және оттекті терапияға арналған медициналық құрылғылардың өндірушісі және дистрибьюторы. CPAP, Auto-CPAP және Bi-Level құрылғылар тізбегі - бұл сәйкестілік пен тиімділік туралы толық есеп беретін толық функционалды жүйе. iCodeConnect пациенттерді басқару порталы есептердің талаптарға сәйкес болуы үшін бұлттық шешім құруға мүмкіндік береді және бөтен бағдарламалық жасақтамалар мен төлемшілермен мәліметтерді интеграциялауды жеңілдету үшін жылжымалы ілмек көмегімен жаңадан жетілдірілді.
img
Sri Trang Gloves

Sri Trang Gloves (Thailand) — әлемдік тұтынылуы бойынша 7 % үлесі бар Таиландтағы ірі латекс және нитрил қолғаптарын өндіруші. 
Sri Trang Gloves (Thailand) Таиландтағы каучук өсетін ағаштар плантацияларына ие және қоюландырылған табиғи латекс өндіретін Sri Trang Agro-Industry тобының еншілес компаниясы. 

Meditec компаниясы 2023 жылдан бастап ҚР-ғы дистрибьюторы. 

img
Thermo Fisher Scientific

Thermo Fisher Scientific, «Термо Фишер Сайентифик» — ғылыми жабдықтар, реагенттер, шығыс материалдары мен бағдарламалық жасақтаманың американдық өндірушісі. Компанияның штаб-пәтері Уолтем қ., Массачусетс, АҚШ орналасқан.  

Компания Thermo Electron және Fisher Scientific компанияларының бірігуі нәтижесінде 2006 жылы құрылған; кейінгі жылдары реагенттер, шығыс материалдары, құрылғылар мен қызметтер өндіруші компаниялар сатып алынды, оның ішінде Life Technologies Corporation (2013), Alfa Aesar (2015), Affymetrix (2016), FEI Company (2017), BD (2018). 2022 жыл бойынша бөлімшелер [2]. 

Laboratory Products & Biopharma Services - зертханалық жабдық және фармацевтикалық компанияларға қызмет көрсетеді (дәрілерге клиникалық сынақтар өткізеді, дәрілік заттар өндірісін ұйымдастырады); 47% түсім;
Life Sciences Solutions — биологиялық және медициналық зерттеулерге арналған құралдар, реагенттер және шығыс материалдары; 29 % түсім;
Analytical Instruments — ғылыми зерттеулерге арналған жабдық пен шығыс материалдары, нақтырақ айтқанда  хроматография, масс-спектрометрия,  химиялық талдау және электронды микроскопия; 14 % түсім;
Specialty Diagnostics — диагностикалық жинақтамалар және жабдық;
 10 % түсім.
"Meditec" ЖШС AlfaAesar, Acros Organics B.V.B.A, химиялық реагенттер бағыты бойынша эксклюзивтік емес дистрибьюторлық келісім-шартқа ие. Зерттеу бағыты мен хроматографияның қажеттіліктерінің кең спектрін қамтиды.